Accessibility links

Еуроодақ Зимбабвенің демократиялық жолмен сайланған билігін көруге асығады


ПАРИЖ: Парижде бас қосқан Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Зимбабвенің Орталық сайлау комиссиясын сенбі күні болып өткен парламент және президент сайлауының нәтижелерін дереу жариялауға шақырды. Еуроодақтың Ұлыбритания, Франция, Испания сынды 7 мүшесінің сыртқы істер министрлері Зимбабвенің демократиялық жолмен сайланған билігімен қарым-қатынас орнатуға асығып отырғандарын мәлімдеді. Зимбабведегі сайлаудың ресми нәтижелері әлі жарияланған жоқ. Бірақ баспасөз құралдарының хабарларына қарағанда, бейресми мәлімет бойынша оппозициялық партиялар басым дауыс алған сияқты.
XS
SM
MD
LG