Accessibility links

Ауғанстанда Данияның 1 жауынгері мен Ұлыбританияның 2 жауынгері қаза тапты


КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд облысында Данияның 1 жауынгері, Ұлыбританияның 2 жауынгері қаза тапты. Даниялық жауынгер британ әскерімен бірге жүргізген жорығы кезінде оққа ұшқан болса, оның тағы 2 жерлесі жараланды. Британ жауынгерлері жексенбі күні отырып келе жатқан автокөліктері фугасқа жарылып көз жұмды. Сонымен қатар осы күні көрші Кандагар облысында жол салып жатқан құрылыс компаниясының 3 күзетшісі фугасқа жарылып мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG