Accessibility links

Бухарестте Дж.Буш Украина мен Грузияның НАТО-ға қосылуын мақұлдауды талап етеді


ВАШИНГТОН: Кеше Ақ үйдің ресми өкілі хабарлағандай, НАТО елдері басшыларының Бухаресттегі саммитінде президент Дж.Буш Украина мен Грузияның Солтүстікатлантикалық альянсқа қосылу жоспарын мақұлдатуға бар күшін салады. Кеше АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік мәселесі бойынша кеңесшісі С.Хэдли атап көрсеткендей, Украина мен Грузияның НАТО-ға қосылуға ұмтылуын оған мүше елдердің түгел қолдауын Вашингтон “өте-мөте маңызды” деп есептейді. Украина мен Грузия өздерінің НАТО-ға кіруінің басты шарты болып табылатын “Іс-қимыл жоспарын” НАТО-ның 2-4-інші сәуірде Румынияда өтетін саммитінде бекітуге үміттенеді.
XS
SM
MD
LG