Accessibility links

Израиль Палестинаның жеріне жаңа қоныстарын салуды жалғасыра береді


ИЕРУСАЛИМ: Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмерт Иерусалимнің шығысы мен Иордан өзенінің Батыс жағалауына жаңа қоныстар салуын Израиль жалғастыра береді деп ант-су ішті. Оның алдында Израиль шенеунектері болашақ Палестина мемлекеті құрылатын жер деген талапқа қарсы әлгі жерлерге 1.400 үй тұрғызатын жоспарын жариялаған болатын. Палестинаның келіссөзге қатысушы ресми өкілі Саид Эрекат ол жоспарға қарсылығын айтып, АҚШ-тан осы мәселеге араласуын талап етті. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс бейбіт келіссөздің жалғасуына бөгет болуы мүмкін деп, Израильден жаңа қоныстар салуын тоқтатуды өтінген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG