Accessibility links

Қазақстанның ішкі темір жол қатынасы ұзартылды


АСТАНА: Бүгіннен бастап Семей мен Қызылорда және Семей мен Қарағанды қалаларының арасында жолаушы поездарының қатынасы ашылды. “Қазақстан темір жолы” ұлттық компанияның баспасөз-қызметіне сілтеген “Қазақстан бүгін” агенттігінің хабарлауынша, жаңа 2 бағытқа қатынайтын поездарға билет те сатыла бастады. Семей қаласынан жолаушы тасымалдаудың жаңа бағыттары – Шығыс-Қазақстан облысынан өтетін Ташкент-Новосибирск поезының бағытын өзгерту арқылы, Семей-Қызылорда бағыты – Қызылордадан Алматыға қатынайтын поездың бағытын ұзарту арқылы ашылып отыр.
XS
SM
MD
LG