Accessibility links

Ресейден қашқан журналист әйел Ұлыбританиядан саяси баспана тапты


ЛОНДОН: Ресейлік журналист Елена Трегубова Ұлыбританияда өзіне саяси баспана берілгенін хабарлады. Е.Трегубованың Лондонда “Рейтер” агенттігіне хабарлағанындай, өзінің саяси баспана беру туралы өтінішін Ұлыбританияның ішкі істер министрлігі қанағаттандырды. “Коммерсантъ” газетінің тілшісі болған және 2 кітаптың авторы болып табылатын Е.Трегубова президент В.Путиннің тұсында Кремльдің саясаты туралы өткір мақалалар жазғаны үшін Ресейде өзінің өміріне қауіп төнген соң саяси баспана сұрады. Ол 2004-інші жылы Мәскеудегі пәтерінің есігі алдында жарылыс болған соң Ресейден қашуға мәжбүр болды.
XS
SM
MD
LG