Accessibility links

Зимбабвенің қазіргі билігі соңғы сайлауда жеңілгенін мойындауға асықпайды


ХАРАРЕ: Зимбабведегі оппозицияның серкесі Морган Цвангираи елдің көп жылдан бергі президенті Роберт Мугабенің биліктен кетуінің шарттары жөнінде билік басындағы партиямен өз үзеңгілестерінің астыртын келіссөз жүргізіп жатқаны туралы хабарды теріске шығарды. Цвангираи мәлімдегендей, сайлаудың нәтижесі жарияланбай жатып, ол бастаған партия ешқандай келіссөзді бастамайды. Сайлаудың нәтижесі әлі жарияланған жоқ. Бірақ бейресми мәліметке қарағанда, Цвангираи Мугабеден басым дауыс алған тәрізді. Батыс елдері Зимбабвенің билігін халықтың осы тілегін құрметтеуге шақырды.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG