Accessibility links

Ресей Косовоның БҰҰ-на қосылуына жол бермейміз деді


Бүгін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Косовоның БҰҰ-на мүше болуына жол бермейді деп мәлімдеді. Мемлекеттік Думадағы үкімет сағатында ол, Ресей БҰҰ-дағы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретіндегі мүмкіндігін пайдаланып, Косовоның әлемдік ұйымға қосылуына кедергі жасайды деген.

«Біз Косовоның шетте халықаралық мойындалуы мен оған тез жету жоспарын бұзатын барлық шараларды жасадық. Біз Косово мәселесінің БҰҰ-нан сырт қаралғанына жол бермейміз. Біз БҰҰ-ның мандаты жоқ, Еуропалық Миссияның Косовоға жіберілуін БҰҰ Бас Хатшысының қолдауына кедергі келтірдік», - деді Лавров.

Албандар басым тұратын Косово өзінің Сербиядан тәуелсіздігін ақпан айында жариялаған болатын. Сербия Ресейдің тарихи одақтасы болып табылады.
XS
SM
MD
LG