Accessibility links

Қазақстан “Бейжин 2008” олимпиада алауын қарсы алды


Бүгін Қазақстан тамыздың 8-інде Қытай астанасы Бейжінде өтетін 29-шы жазғы олимпиада ойындары қарсаңында олимпиада алауын қарсы алды. “Бейжін-2008” олимпиадасы алауының эстафетасы Алматы қаласының Медеу шатқалындағы әлемге әйгілі мұз айдыны бар үлкен спорт кешенінде басталды. Алауды Медеу спорт кешенінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қабылдап, мыңдаған көрерменнің алдында жүріп өтті. Бейжін 2008 олимпиадасының алауы әлемнің 22 қаласының ішінде бірінші болып Алматы қаласына сәуірдің 1-і күні арнайы ұшақпен жеткізілген. Тибеттегі көтерілісті Қытайдың күшпен басқанына қатысты наразылықтарға байланысты мұнда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
XS
SM
MD
LG