Accessibility links

Ирақ үкіметінің Әл-Басрадағы операциясын “жеңіс” деп бағалауға тым ерте


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың қарулы күштерінің қолбасшысы Ирақ үкіметінің Әл-Басра қаласында “Әл-Маһди армиясы” деп аталатын қарулы топқа қарсы жүргізген соғыс операциясын қауіпсіздік күштерінің жеңісі деп бағалауға тым ерте деп есептейді. Штаб бастықтарының біріккен комитетінің төрағасы, адмирал Майкл Маллен Әл-Басраны қарулы топтар мен партизандардың, әсіресе - шейттердің бітіспес көсемі М.Ас-Садрдың “Әл-Маһди” армиясының билігінен босату туралы Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәликидің стратегиялық шешіміне жақсы баға берді. Бірақ 25-інші наурызда басталған ол операцияны Ирақ үкіметінің не жеңісі, не жеңілісі деп сипаттауға ерте, деп ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG