Accessibility links

Украина мен Грузияның НАТО-ға қосылуы мәселесі Бухаресте шешілмейді


БУХАРЕСТ: НАТО-ның Бухарестегі саммитінде Грузия мен Украинаның альянсқа қосылуы процесінің мақұлдана қоюы екіталай. НАТО-ның ресми өкілі Джеймс Аппатураи осылай деп есептейді. НАТО елдері басшыларының кеше болып өткен бірінші де бастапқы кездесуінен кейін Аппатураи:

«Мен қателескен болсам, бақытты болар едім. Бірақ мен Грузия мен Украинаның мүше болуына қатысты іс-қимыл жоспары Бухаресте қабылданады деп күтпеймін», - мәлімдеді.

АҚШ Украина мен Грузияға НАТО-ға кірудің “іс-қимыл жоспарын” ұсынуды талап етсе, Германия мен Франция 2 ел НАТО-ның талаптарына лайық емес деп есептейді. Оған қоса Ресей Киев пен Тбилисидің Солтүстікатлантикалық альянсқа қосылуына түбегейлі қарсы.
XS
SM
MD
LG