Accessibility links

Украина мен Грузия НАТО-ға кіргенде, Ресей Оңтүстік Осетия мен Абхазияның тәуелсіздігін мойындайтын еді


МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путин Грузиядан бөлінген 2 республиканы Мәскеудің қолдайтынын тағы да растады. Осындай кепілхат Оңтүстік Осетия мен Абхазия президенттеріне жолданды. Хатта В.Путин 2 республиканың проблемаларын Мәскеудің түсінетінін және егер Грузия НАТО-ға қабылданатын болса, онда 2 республиканы өзіне күштеп қосып алуға тырысуы мүмкін екенін атап көрсетеді. Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл хатты НАТО басшыларының Грузияны мүшелікке келешекте қабылдайтынын хабарлауынан кейін жария етті.
XS
SM
MD
LG