Accessibility links

Өзбек президенті НАТО-ға өз аймағы арқылы Ауғаныстанға өтуді ұсынып отыр


Өзбекстан президенті Ислам Каримов НАТО-ның әскери емес жабдықтарын Өзбекстан аймағы арқылы Ауғаныстанға өткізу келісіміне өзінің қол қоюға дайын екенін айтты. Бұл туралы Каримов Бухарестегі НАТО саммитінде мәлімдеді. Өзбекстан билігі 2005 жылы Әндіжан көтерілісшілеріне күш қолданған соң Каримовтың Батыспен байланысы нашарлап кеткен еді. Енді Өзбекстан президенті Ауғаныстандағы тұрақтылық пен бейбітшілікке қол жеткізу Орта Азия аймағының әлеуметтік әрі экономикалық дамуына көмектеседі деген.
XS
SM
MD
LG