Accessibility links

Дж.Буш Хорватияның НАТО-ға шақырту алғанын қоштады


Бүгін АҚШ президенті Джордж Буш Хорватияның НАТО-ға мүшелікке кіретінін оң қабылдайтынын айтты. Бұл туралы Загреб қаласында мыңдаған адам алдында мәлімдеген президент Буш, солтүстік альянс пен Құрама Штаттар Хорватияға толық қолдау көрсетеді деген уәде берді.

“Хорватияның НАТО-ға шақырылғаны ақиқат. Бұл – тарихи сәт. Мен сіздің елдің халқы сіздердің НАТО-ға кірулеріңізді қоштап келген мен сияқты қуанышты болып отыр деп үміттенем”, - деген АҚШ президенті.

Ол Загреб қаласына Бухарестегі НАТО саммитінен кейін барған. Бухарестегі кездесуде НАТО мүшелері Хорватия мен Албанияға ұйымға қосылуға шақырту берген. Буш сондай-ақ, Македонияның Грекиямен даулы мәселесіне қатысты НАТО-ға мүшелікке енуіне кедергі жасалғанына өкініш білдірді. Ол сондай-ақ, Сербия да жақын болашақта Еуропа құрамында болады деген үмітін жеткізді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG