Accessibility links

Р.Гейтс: АҚШ Иранмен проблеманы дипломатиялық жолмен шешкісі келеді


АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гейтс тағы Құрама Штаттар Иранмен дағдарысты дипломатикалық жолмен шешуді қалайды деп айтты. Гейтс бұл туралы Оманда сол елдің жетекшілерімен кездесуінде айтқан. Уашингтон Техранды ядролық қару бағдарламасын жасап жатыр және Ирақ, Ауғаныстан мен Ливанды тұрақсыздандырып жатыр деп айыптайды. Иран ол айыптауларды қабылдамайды. Роберт Гейтс таяуда Оманға барған АҚШ-тың жоғары дәрежелі екінші ресми өкілі. Осыған дейін Оманға наурыз айында вице президент Дик Ченей барған болатын.
XS
SM
MD
LG