Accessibility links

Париждегі Олимпиада алауының эстафетасы 2 рет тоқтап, алау 2 рет сөнді


ПАРИЖ: Қытайдың Тибеттегі саясатына қарсы наразылық шеруіне шыққан жұрт бүгін Бежин Олимпиадасы алауының Париждегі эстафетасын 2 рет тоқтатты. Шерушілер полициямен қақтығысқан кезде полицейлер алауды 2 рет автобусқа жасыруға мәжбүр болды және полиция басшылығы хабарлағандай, 2 жолы да алауды сөндіруге тура келді. Шеруге шыққандар Олимпиаданың 5 сақинасы салынған қара түсті жалаумен Эйфель мұнарасын қоршап алды. Париждегі эстафетаның жолын бөгемек болған кем дегенде 5 адам ұсталды.
XS
SM
MD
LG