Accessibility links

Иран зауытында ядролық центрифугалар орнатыла бастады


Президент Махмұд Ахмадинежадтың мәлімдеуінше, Иран уран байытатын Натанц зауытында 6 мың ядролық центрифуга орнату жұмысын бастаған. Ахмадинежадтың бұл мәлімдемесі Иранның ядролық жетістіктерін атап өту жөніндегі ұлттық күнінде жасалып отыр. Ал өз кезегінде Вашингтондағы Ақ Үй уран байытуын тоқтатпай отырған Теһранға жаңа халықаралық санкциялар енгізілуі мүмкін деп ескерту жасады. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді, бірақ бұл айыптауларды Теһран жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG