Accessibility links

Еуро Одақ пен Орталық Азия келіссөздері Ашхабадта басталды


Бүгін Ашхабадта Еуро Одақ пен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастық келіссөздері басталды. Еуропа Одағының Сыртқы байланыстар жөніндегі арнаулы өкілі Бенито Ферроро Уолднер Түркіменстанға еуропалық делагацияны бастап барды. Онда Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан ресмилерімен кездесіп жатыр. Еуропа Одағы өзінің Ресейге тәуелділігін азайтып, Орта Азияның мұнай мен газына көз салып отыр. Адам құқықтарын қорғаушы “Human Rights Watch” ұйымы Еуро Одақтың Орта Азиядағы адам құқықтарын жақсарту үшін бұл елдерге қысым жасағанын қалайды. Еуро Одақ өкілі Бенито Ферроро Уолднер болса:

«Адам құқықтары мәселесі біздің сыртқы саясатымыздың ең маңызды бөлігі толып табылады. Сондықтан, біз шынымен Орта Азия елдерінің адам құқына байланысты көп міндеттеме алғанын көргіміз келеді. Әлбетте, Еуропа Одағымен салыстырғанда, Орта Азияның өзіндік тарихи және мәдени ерекшеліктерінің барлығын біз білеміз. Міне сол ерекшеліктер қоғамды демократияландыру, құқықтық нормалар және адамның құқы саласындағы реформаларды жүзеге асыруға белгілі бір уақытты талап етеді», - деген.
XS
SM
MD
LG