Accessibility links

Қазақстанда НАТО – Қазақстан екінші әріптестік апталығы өтіп жатыр

  • Досан БАЙМОЛДА

НАТО-Қазақстан арасындағы Бірінші Әріптестік апталығы 2006 жылдың маусым айында өткен болатын. Осы жолы сәуірдің 7-сінен 11-і аралығында Астана және Алматы қалаларында өтілетін НАТО-Қазақстан апталығын өткізу үшін НАТО ның арнайы делегациясын НАТО бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы уәкілі Роберт Симмонс басқарып келіпті.

НАТО-Қазақстан арасындағы әріптестік апталығы барысында НАТО-ның қоғамдық дипломатия бөлімінің ‘Ғылым бейітшілік пен қауіпсіздік үшін бағдарламасы‘ аясында Алматыдағы Қорғаныс институты мен Шетел тілдері институты жанындағы есептеу орталықтарына қажетті құрал жабдықтар беріліп осы орталықтардың ашылу салтанаты өтті.

НАТО өкілдері сондай ақ Астанадағы Еуразия университеті мен Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде болып Қазақстан-НАТО қарым қатынастарына қатысты профессорлар мен студент қауымымен конференция өткізген.

Сәуірдің 9-ы яғни сәрсембі күні НАТО бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы уәкілі Роберт Симмонс қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері және журналистер қауымымен кездесіп НАТО-Қазақстан тақырыбында сондай ақ жуырда ғана Бухарест қаласында өз жұмысын аяқтаған НАТО саммитінің қортындысы жөнінде баяндады.

Оның айтуынша соңғы жылдары НАТО мен Қазақстан арасындағы қарым қатынас жақсы дамып келеді. Бұл қарым қатынас негізінде аймақтағы қауіпсіздік мәселесін, әскери саладағы ынтымақтастық мәселесін қамтитын қарым қатынас болып отыр. Ал соңғы екі жылда бұл қарым қатынас ұлғайып басқа салалар мысалы ғылым, білім саласы, төтенше жағдайлар саласы, энергетикалық қаупісіздік салаларын қамти бастады деді НАТО өкілі.

Ал өткен аптада Бухарест қаласында өткен НАТО саммитінің қортындысына тоқтала кетуді жөн санаған НАТО өкілі Р.Симмонс саммите талықыланған бір мәселе ол ауғанстан мәселесі болғанын айтты. НАТО бас хатшысының Орталық Азия бойынша арнайы уәкілінің айтуынша аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық мәселесі Ауғанстандағы тұрақтылық, бейбітшілік мәселесімен тығыз байланысты болып тұр. Сондықтан НАТО болып Ауғанстанмен көрші мемлекеттер болып, халықаралық ұйымдар болып Ауғанстанға көмек қолды созу дұрыс болмақ., бұл мәселеде Қазақстанның атқарар рөлі ерекше болмақ әсіресе батыс елдерінен Ауғанстанға көмекті темір жол арқылы тасымалдау мәселесінде Ресей, Қазақстан және Өзбекстан жері арқылы жүк жеткізу мәселесі өзекті болып тұр. НАТО бұ мәселеде Ресеймен келіссөз жүргізіп бір келісімге келе бастады енді бұндай келіссөзді Қазақстан және Өзбекстан үкіметтерімен жүргізу қалып тұр деді ол. Ал энергетика қауіпсіздігі мәселесінде НАТО мен Қазақстан арасында болуы мүмкін лаңкесік шабулыдардың алдын алу мақсатында бір біріне барлау ақпараттары, мәліметтермен алмасып, бөлісу жөнінде келісім бар деді Р.Симмонс.
XS
SM
MD
LG