Accessibility links

БҰҰ бас хатшысы Мәскеуде жүр


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-Мун 3-күндік ресми сапармен Ресейде жүр. Кеше ол қызметінен кетіп жатқан Ресей президенті Владимир Путинмен және де жаңадан сайланған президент Дмитрий Медведевпен кездескен болатын. Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Біріккен Ұлттар Ұйымын халықаралық қауымдастықтың маңызды құрамы деп есептейді. Бейсенбі күні Пан Ги-Мун Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен және тағы басқа ресмилермен кездеседі. Өткен жылы өз қызметіне кіріскен Пан Ги-Мун осыған дейін Вашингтон мен Парижге және Лондонға барған тұғын бірақ ол Қауіпсіздік Кеңесінің тағы басқа тұрақты мүшесі болып табылатын Ресей мен Қытай астаналарына сапар жасамаған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG