Accessibility links

Ашхабадта Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасындағы келіссөздер одан әрі жалғасуда


Кеше Ашхабадта басталған келіссөздерде Еуропа Одағы мен Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастық мәселесі басты тақырып болып отыр. Еуроодақтың сыртқы қатынастар жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Уалднер жетекшілігіндегі делегация Түркіменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстан ресмилерімен кездесіп жатыр. Еуропа Одағы өзінің Ресейге тәуелділігін азайтып, Орта Азияның мұнай мен газына қол жеткізгісі келеді. Халықаралық “Human Rights Watch” ұйымы Еуро Одақтың Орта Азиядағы адам құқықтарын жақсарту үшін бұл елдерге қысым жасағанын қалайды.
XS
SM
MD
LG