Accessibility links

Далай Лама Бейжін Олимпиадасына қолдау көрсететінін тағы қайталап айтты


Тибеттің рухани көсемі Далай Лама Қытайдың Тибеттегі толқуларды күшпен басуына халықаралық наразылықтың жалғасып жатқанына қарамастан, Бейжинде жазғы Олимпиаданың өткізілуін өзінің қолдайтындығын білдірген.

- Мен басынан бастап-ақ Қытайдың Олимпиаданы өткізу қожайыны болғанын қалаған едім, өйткені Қытай халқы көп, ежелгі ел. Қытайлықтар Олимпиада ойынын өткізуге лайықты деп білемін.

Далай Лама мұны бүгін АҚШ-қа бара жатқан жолында Токиоға тоқтағанда айтқан, бұл оның толқулардан бері шетелге шыққан бірінші сапары. Қытай Тибеттегі толқуларды Далай Лама ұйымдастырды деп айыптаған болатын. Қытайдың Тибеттегі саясатына қарсы наразылықтар Олимпиада алауының эстафета жолында Лондон, Париж, Сан-Франциско қалаларында жалғасты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG