Accessibility links

Аргентинада Олимпиада алауын эстафетаға Диего Марадона ұстап шығады


БУЭНОС-АЙРЕС: Бежин Олимпиадасының алауы бүгін Аргентинаға жеткізіліп, оның эстафетасы Буэнос-Айрестің көшелерінде өтеді және алауды бірінші болып әйгілі футбол шебері Д.Марадона ұстап шығады. Аргентина астанасындағы қауіпсіздікті мыңдаған полицей қамтамасыз етіп тұрады. Мұндай қатаң шара Олимпиада алауының Лондон мен Париждегі және Сан-Францискодағы эстафетасы кезінде Қытайдың Тибеттегі саясатына қарсы жаппай наразылық шеруінің шығуына байланысты қабылданып отыр. Олимпиада алауы тамыз айында Жазғы Олимпиада ойындары басталатын Бежинге қайтып оралғанша 20 елді аралап шығуға тиіс.
XS
SM
MD
LG