Accessibility links

БҰҰ-ның Бас хатшысы Бежин Олимпиадасының ашылу салтанатына бармайды


НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Жазғы Бежин Олимпиадасының тамыз айындағы ашылу салтанатына қатыспайды. Ұлттар Ұйымының өкілі хабарлағандай, жұмыс кестесінің тығыз болуына байланысты Бас хатшы Бежинге бара алмайды. Оның атап көрсетуінше, Пан Ги Мунның Олимпиаданың ашылу салтанатына бармауы Қытайдың Тибеттегі саясатына қарсы бірқатар елдің наразы болуымен байланысты емес.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG