Accessibility links

Қазақстанға жер беруге қырғыз қоғамы түбегейі қарсы


БШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламенті – Жогорку кеңеш – қырғыздың 3 жер телімін Қазақстанға беру жөнінде айтылған Қазақстанмен арадағы шекара туралы келісімді мақұлдады. Қырғыз қоғамында наразылық туғызып отырған бұл келісімге А.Ақаев президент болып тұрған 2003-інші жылы қол қойылды. Кеше қырғыз милициясы Қазақстанға жер беруге қарсы наразылық білдірген 50 шақты адамды ұстады. Президент Қ.Бәкиев 2 күндік ресми сапармен 17-нші сәуір күні Астанаға баруға тиіс.
XS
SM
MD
LG