Accessibility links

Қазақстан премьері президенттің тапсырмасымен Қытайда сапарда жүр


САНЬЯ (ҚЫТАЙ): Бүгін Санья қаласында Қазақстанның премьер-министрі К.Мәсімов президент Н.Назарбаевтың тапсыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтяомен кездесті. Қазақстан үкіметінің баспасөз-қызметі хабарлағандай, оның барысында экономиканың түрлі саласындағы, соның ішінде мұнай-газ бен қаржы-банк және ауылшаруашылық салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытайдың шикізат өндірісінен басқа салалардағы жобаларды жүзеге асыру мен бір-біріне инвестиция жұмсау мүмкіндіктері сөз болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG