Accessibility links

Қазақстандағы кедейлердің саны 2005-інші жылғы 11 пайыздан биыл 18.2 пайызға өсті


АЛМАТЫ: БҰҰ Даму бағдарламасының Халықаралық атқару кеңесі Қазақстанға ауылдарды тұратын кедей халықтың санын 2015-інші жылға қарай 2 есеге қысқартуды ұсынды. Ол туралы бүгін Алматыда өткізген брифингте БҰҰ Даму бағдарламасының халықаралық атқару кеңесінің Қазақстандағы үйлестірушісі Хаолянь Шу хабарлады. БҰҰ-ның мәліметі мен статистикалық дерекке сәйкес, қазір Қазақстанда кедейлердің саны 18.2 пайызға дейін өскен. Хаолянь Шу мәлімдегендей, 2005-інші жылы кедейлердің саны 11 пайызға жуық болған. Кедейліктің деңгейі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің ішінен ең жоғары көрсеткішке жеткен.
XS
SM
MD
LG