Accessibility links

Астанаға сапарының алдында Қ.Бәкиев Н.Назарбаевқа “сыйлық” дайындап қойды


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан парламенті – Жогорку кеңеш – Ыстық көлдің жағалауындағы 4 пансионатты Қазақстанның меншігі деп мойындау келісімді мақұлдады. Қырғыз қоғамында наразылық туғызып отырған бұл келісімге А.Ақаев президент болып тұрған 2003-інші жылы қол қойылды. Кеше қырғыз милициясы әлгі демалыс орындарын Қазақстанға беруге қарсы наразылық білдірген 50 шақты адамды ұстады. Президент Қ.Бәкиев 2 күндік ресми сапармен 17-нші сәуір күні Астанаға баруға тиіс.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG