Accessibility links

Егер Киев НАТО-ға кірсе, Ресей өзінің зымырандарын Киевке қарай бұрады


МӘСКЕУ: Ресейдің қарулы күштері Бас штабының бастығы Ю.Балуевский егер Украина мен Грузия НАТО-ға қосылатын болса, онда өзінің қауіпсіздігін қорғау үшін Ресей қарулы күштерін нығайтумен қатар, тағы басқа шараны қабылдайды деп мәлімдеді. Бірақ генерал Балуевский қандай шара болатынын нақты айтпады. Мәскеу Украина мен Грузияның НАТО-ға қосылуы өзінің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді деп есептейді. Ресейдің бүгінгі президенті В.Путин егер Украинада НАТО-ның қандай да бір құрылымы пайда болатын болса, Мәскеу өзінің соғыс зымырандарын көрші елге қарай бұратынын ескерктен болатын. Ю.Балуевский Украина мен Грузия НАТО-ға таяу болашақта қосыла қояды деп айтуға ерте деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG