Accessibility links

Қазақ кәсіпкерлері жылда кеденшілерге 164 млн. доллар пара беруге мәжбүр


АСТАНА: 2007-нші жылдың шілдесінен осы күнге дейін Қазақстанның кеден қызметі өзінің түрлі деңгейдегі басшылары мен қызметкерлеріне қарсы сыбайластық жемқорлық бабы бойынша 113 қылмысты қозғалды. Ол туралы бүгін Астанада Республикалық кеден комитеті хабарлады. Алайда Қазақстан кәсіпкерлері кеденшілер шекарада басқа да мемлекеттік мекемелермен ауызжаласып, кәсіпкерлерді бопсалайды деп арызданып келеді. Мұндай жайттардың барлығын кеден комитеті мойындады. Кәсіпкерлер қауымдастығының форумы жергілікті кәсіпкерлер жыл сайын 164 млн. долларды кеденшілерге пара беруге жұмсайды деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG