Accessibility links

Македония парламенті ертерек сайлау өткізу үшін дауыс берді


Бүгін Македонияда заңшығарушылар кезектен тыс сайлаулар өткізу үшін парламентті тарату жөнінде дауыс берді. Бұл дауыс берулер Македонияның НАТО-ға мүшелікке өтуге шақырту алуына Грекияның кедергі жасағанынан кейін қалыптасқан дүрбелеңнен кейін болып отыр. Грекия Македонияның атауы өзінің солтүстігіндегі провинция атауымен бірдей болғанына байланысты қарсылық танытқан. Және Македониядағы этникалық албандар құқына байланысты кереғарлық бар екені айтылған. Косовомен шекаралас Македонияда жаңа сайлаулар екі айдың ішінде, яғни, маусымда өтіледі деп күтіліп отыр.
XS
SM
MD
LG