Accessibility links

Канада мен Франция сыртқы істер министрлері Ауғаныстанда жүр


Бүгін Франция мен Канада сыртқы істер министрлері Ауғаныстанда президент Хамид Қарзаймен кездесті. Бұл келіссөздер жұма күні Франция сыртқы істер министрі Бернар Кушнер Ауғаныстанға көбірек әскер жіберуге сөз берген соң басталып отыр. Ауғаныстанда Францияның 3 мыңдай әскері болады. Канада болса, өзінің осындағы күштерін әлі де қалдыруға сөз берді. 2001 жылы АҚШ бастаған күштер Талибан режимін құлатып, Ауғаныстанға кіргеннен бері 82 канадалық әскер қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG