Accessibility links

Африка елдерінің саммиті Зимбабве сайлауының қортындысын жариялауға шақырды


Оңтүстік Африка елдерінің жетекшілері Зимбабве елінің сайлау қортындыларын тезірек шығаруға шақырып отыр. Бұл үндеу Замбияда өткен Оңтүстік Африканның Даму Қауымдастығының саммиті соңында айтылды. Ол мәлімдемеде екі тарап та Зимбабве президенті Роберт Мугабе мен Демократиялық өзгерістер үшін деген оппозициялық қозғалыс жетекшілерін 29-шы наурызда өткен президенттік сайлау қортындысын қабылдауға шақырылған. Оппозиция өздерінің жетекшісі жеңіске жеті деп жариялап қойған. Бірақ, Сайлау комиссиясы сайлау қортындысын шығармаған.
XS
SM
MD
LG