Accessibility links

Моқтада әл Садр Р. Гейтстің үндеуін қабылдамай, басқыншылар кетсін деді


Радикалды шиит жетекшісі Моқтада әл Садр өзінің АҚШ Қорғаныс Министрі Роберт Гейтстің Ирақтың саяси процесіне шақырғанын қабылдамайтынын айтты. Кеше әл Садр Гейтстің үндеуінен бас тартып, өзінің жауынгерлері қаруларын тек Ирақтан басқыншылар кеткенде ғана тастайды деп айтқан. Әл Садр сондай-ақ, кеше өз көмекшілерінің бірі Наджафта өлтірілгеніне Американ күштерін кінәлады. Ирақта АҚШ пен ирақтық күштердің Моқтада әл Садрдың Мади армиясына қарсы соғысы жалғасып жатыр.
XS
SM
MD
LG