Accessibility links

Франция мен Канада министрлері Ауғаныстанда жүр


Бүгін Франция мен Канада сыртқы істер министрлері Ауғаныстанның Қандағар провинциясын аралап жүр. Олар кеше президент Хамид Қарзаймен кездескен. Екі министрдің Ауғаныстанға бірлескен сапары бүгін аяқталады. Франция өзінің Ауғаныстандағы 1600 дей әскеріне тағы осындай жасақ қосатынын айтты. Канада болса, өзінің осындағы күштерін әлі де қалдыруға сөз берді. Канаданың бұл жерде 2,500 әскері бар. 2001 жылы АҚШ бастаған күштер Талибан режимін құлатып, Ауғаныстанға кіргеннен бері 82 канадалық әскер қаза болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG