Accessibility links

Иран мешітінде болған жарылыс террорлық емес апат болуы мүмкін


Иран ресмилері елдің оңтүстігіндегі мешітте болған жарылыстан кемінде, 11 адам қаза болғанын хабарлап отыр. Жергілікті полиция басшылары Шираз қаласындағы бұл жарылысқа 1980-1988 жылдары Иран-Ирақ соғысынан қалған әскери жабдықтардың жарылып кетуі себеп болуы мүмкін деп, оны террорлық әрекет емес деген. Сенбі күні мешіттің діни басшылары уағыз айтып жатқанда болған жарылыстан, тағы 191-дей адам жараланған.
XS
SM
MD
LG