Accessibility links

Иран мен АҚШ келіссөздерінің кешіккеніне Ирақ алаңдаулы


Ирақтың қауіпсіздігін нығайтуға қатысты АҚШ пен Иран ресмилерінің келіссөздері қайта-қайта кейінге қалдырылуына байланысты Ирақтың үміті ақталмауда. Ирақ сыртқы істер министрі Хошияр Зебари өз үкіметінің өткен жылдың қараша айынан бері Бағдадта аталған келіссөздердің төртінші айналымын өткізуге әрекет жасап келе жатқанын айтқан. Техран да, Вашингтон да екіжақты әңгімелесулерге ниетті болғанымен, кездесудің өткізілетін күн әлі айқындалған жоқ дейді Ирақ министрі. Ирақ қауіпсіздігі екі елдің ресмилері тікелей қарым-қатынасқа баратын санаулы ғана форумның бірі.
XS
SM
MD
LG