Accessibility links

Ресми Токио мен Мәскеу Курил аралдарының мәселесін тағы да шеше алмады


МӘСКЕУ: Бүгін Ресей мен Жапонияның сыртқы істер министрлері С.Лавров пен Мазахико Комура Курил аралдарына қатысты жер дауын шеше алмағандарын хабарлады. Ресейлік әріптесімен арадағы келіссөзінен кейін М.Комура екі жақты келіссөзді жалғастыруға ғана уағдаласқандарын мәлімдеді. Ресми Мәскеу мен Токио Ресей “Курил аралдары” деп, ал Күншығыс елі өзінің “Солтүстік жерлері” деп атайтын 4 аралға 60 жылдан астам уақыттан бері таласып келеді. Ол аралдарды ІІ-нші дүниежүзілік соғыс аяқталған 1945-інші жылы Совет Одағы тартып алған болатын.
XS
SM
MD
LG