Accessibility links

БҰҰ-ның қарсылығына қарамастан Сербия Косовода сайлау өткізбекші


БЕЛГРАД: Сербия үкіметі Косово өлкесінде жергілікті билік сайлауын өткізбекші. Үкіметтің ол туралы Қаулысы бүгін жарияланды. Оған сәйкес, Косовода 16 муниципалдық билікті, оның ішінде өлке астанасы – Приштинаның билігін және Сербия парламентінің депутаттарын сайлау көзделіп отыр. БҰҰ-ның Косоводағы өкілдігі өлкеде Сербияның сайлау өткізуге құқы жоқ деп мәлімдеді. Өйткені, Косовода жергілікті билік сайлауын өткізу мандаты тек Ұлттар Ұйымына жатады. Сербия ақпан айында тәуелдіздігін жариялаған Косовоны әлі де өзінің құрамдас бөлігі деп есептейді.
XS
SM
MD
LG