Accessibility links

Өзбекстан диссидентті түрмеге қамап қойды деп мәлімдейді адам хұқтарын қорғаушылар


Өзбек соты үкіметтің қатаң сыншысы Юсуф Жұманы бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырған. Өзбекстанның адам хұқтарын қорғау белсендісі Сурат Икрамов Жұманың 25 жасар ұлы Бобурдың үш жылға шартты түрме жазасына кесілгенін айтқан. Сот процесіне қатысқан Икрамов Жұма өзін айыпты деп мойындаған жоқ дейді. Әкелі-балалы екеуіне қарсы сот ісі тілді қорлады, қақтығысқа шақырды, полицияға қарсы күш көрсетті деген айыптармен 8 сәуірде басталған. Олар желтоқсан айында Бұхара қаласында президент Ислам Каримовтің жүйесіне қарсы наразылықтарын танытқан соң ұсталған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG