Accessibility links

В.Путин «Единая Россия» партиясының жетекшілігіне кірісті


Ресей Федерациясының ең үлкен саяси партиясының басшылығын қызметінен кетіп бара жатқан президент В.Путин қабылдап алды. Партияның конгресінде сөйлеген сөзінде Путин егер өз мұрагері Медведев қалайтын болса, үкімет төрағалығынан бас тартпайтындығын тағы да мәлімдеді. Ал биыл жаңадан сайланған президент Д.Медведев үкімет басшылығына В.Путинді тағайындайтынын бұған дейін-ақ айтқан болатын. «Единая Россия» Ресей парламентінің төменгі палатасын бақылайды және Кремлге өте жақын партия. В.Путин президенттік құзырын 7 мамыр күні тапсыратын болады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG