Бүгін Шанхайда бас қосатын жетекші елдер басшылары Иранның даулы ядролық бағдарламасы төңірегінде талқылаулар өткізеді. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия Иранның уранды байытуды тоқтатуы үшін ынталандырушы шарттар қосу мәселесі турасында пікір алысатын болады. Иран ядролық бағдарламасын дамытуды тоқтатпайтындығын мәлімдеп келе жатқаны белгілі. Өткен жексенбі күні Иран сыртқы істер министрі Манучер Моттаки Техран өзінің ядролық бағдарламасын доғаруға көмектесетін ұсыныстар жасауға дайын деп айтқан болатын, бірақ ол ұсыныстардың егжей-тегжейіне тоқталмаған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?