Accessibility links

БҰҰ Абхазиядағы бақылаушы миссиясын кеңейтпекші


БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Грузия мен оның жікшіл аймағы Абхазия арасындағы атысты бақылайтын бақылаушы миссиясын кеңейтуге дауыс берді.Алайда, БҰҰ-дағы Ресей елшісі мен Құрама Штаттар елшісі 1993 жылдан бері өз істерін жүргізіп, тәуелсіздік алуды немесе Ресеймен одақтас болуды көздеп келе жатқан Абхазия турасында келіспей қалды. АҚШ елшісі Залмай Халилзад Реседі Грузияның егемендігіне килікпеуге шақырған. Оның ресейлік әріптесі Виталий Чуркин болса, бұл жерде нағыз проблема Грузияның Абхазияда әскерін көбейтіп отырғаны деген.
XS
SM
MD
LG