Accessibility links

Ирақ премьер министрі террормен соғыста жеңіске жетеміз деп сенеді


Ирақ премьер министрі Нури әл Мәлики Ирақтағы террорлық топтардың жеңіліске ұшырайтынына өзінің бұрынғыдан да қатты сенетінін айтты. Бұл туралы Ирақ үкімет басшысы әл Мәлики Брюссельде Еуропалық Парламенттің сыртқы істер жөніндегі комитетінде айтқан. Оның бұл мәлімдемесі кеше Ирақта бірқатар бомба жарылысынан 60 адам құрбан болған соң айтылып отыр. Әл Мәликидің айтуынша, Ирақтағы жихадшыл топтар толық дағдарысқа тұр. Бүгін ертеректе премьер министр әл Мәлики, Ирақ Еуропа Одағымен мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығын кеңейтуді қарастырып жатыр деген.
XS
SM
MD
LG