Accessibility links

Беларуста 10 оппозиция белсендісі сотқа тартылып жатыр


Сәрсенбі күні Минскіде сот алдына әкелінген оппозиция белсенділері үкіметке қарсы наразылықтарды ұйымдастырды, әлеуметтік тыныштықты бұзды деген айыпталып отыр. 10 қаңтар күні Минскіде болған шерулерде наразылық жасаушылыр ел астанасының басты көшелерінің бірін бөгеп тастаған болатын. Сотқа тартылғандардың біріне 21 қаңтардағы тағы бір наразылық акциясында полицияға қарсы күш көрсетті деген айып тағылды. Айыпталушылардың бәрі де үш жылдан астам уақытқа бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін, олар өздеріне тағылған айыптарды мойындаған жоқ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG