Accessibility links

Евродақ пен НАТО Грузияның сепаратистік аймақтарына Ресейдің қолдауы күшейіп бара жатқанына алаңдаулы


Оның алдында Ресей президенті В.Путин өз үкіметіне Абхазия мен Оңтүстік Осетияның сепаратистік билігімен және осы аймақтарда тіркелген ұйымдармен жақынырақ қарым-қатынастар орнатуды тапсырған болатын. Осыған байланысты Евродақтың сыртқы қатынастар жетекшісі Хавьер Солана мен НАТО альянсының Бас хатшысы Яап Де Хооп Схеффердің жариялаған мәлімдемесінде Ресейдің мұндай қадамына қатысты терең алаңдаушылық айтылған. Ал Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Каминин мұндай қадам Грузиямен қайшылыққа бару үшін жасалып отырған жоқ деп атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG