Accessibility links

Испаниядан бөлінуді аңсаған баск сепаратистері тағы бір қастандық ұйымдастырды


БИЛЬБАО: Испанияның Бильбао қаласында билік басындағы Социалистік партияның жергілікті кеңсесі жанында бомба жарылды. Полицияның хабарлауынша, бұл қастандықтан 7 полицей жеңіл жараланды. Жарылыстың алдында ғана полицияға телефон соғылып, қастандықты баск сепаратистерінің ЭТА ұйымы өз мойнына алды. ЭТА ұйымының Испаниядан тәуелсіздік алу жолындағы 10-даған жылға созылған күресінің барысында 100-деген адам қаза болды. Соңғы рет жалпы сайлауға 2 күн қалған наурыз айында баск сепаратистері өздерінің Мондрагон қалалық кеңесінің Социалистік партиядан сайланған мүшесін өлтірді.
XS
SM
MD
LG