Accessibility links

Союз ғарыш кемесі жерге оралды


Бүгін Қазақстан жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағына Ресейдің Союз ғарыш кемесі келіп қонды. Халықаралық ғарыш бекетінің екі мүшесі мен оңтүстік кореялық бірінші астронавты алып қайтқан ғарыш кемесі нысанадағы жерден 400 шақырым ауытқып, Қазақстанның батысына қонған. Бірақ, Мәскеуден бақылап отырған Ресей миссиясы кемеде болғандардың денсаулығы жақсы екенін хабарлап отыр. Және олар тікұшақпен әкетіледі деген.
XS
SM
MD
LG