Accessibility links

Өзбекстан президенті алдағы аптада Қазақстанға барады


Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, президент Ислам Каримов сәуірдің 22-23 күндері ресми сапармен Қазақстанға барады. Онда қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақты мәселелерді талқылайды. Каримовтың сапары Қазақстан үкіметі елден астық экспорттауға уақытша тыйым салған соң болайын деп отыр. Өзбекстан жыл сайын Қазақстаннан 120 мың тонна астық сатып алады. Қырғызстан президенті де осы аптада Қазақстанға сапармен барып, еліне Қазақстанның астық сатуды жалғастырамыз деген уәдесін алып қайтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG