Accessibility links

Грузияның жікшіл аймақтарына байланысты кернеулер


Грузия парламентінің спикері Нино Бурджанадзе өз елі Ресеймен жақсы қарым-қатынас құруға дайын екенін айтты. Бірақ, Мәскеу Тбилисидің Абхазия мен Оңтүстік Осетияға қатысты егемендігін мойындауы тиіс деген. Ресей сәуірдің 16-да, Грузияның бұл екі аймағымен ынтымақтастықты дамыту жөнінде шешім қабылдаған. Бұл арада Грузияның мемлекеттік хатшысы Темур Якобашвили, Гал аймағы мен Кодори шатқалының төменгі бөлігінде абхазия күштерінің орналасқанын айтып, Абхазия билігінен оларды шығаруға шақырды. Ал, Мәскеуде ондаған Абхазия мен Оңтүстік Осетия жастары Еуропалық Кеңестің ғимараты жанында шеру өткізіп, “Біз азаттықты таңдадық”, “Бізді мойындайтын кез келді” деген ұрандар алып шыққан.
XS
SM
MD
LG